Оқиғалар

25.10.2018 Ақтау порты диспетчерлік қызметтің еңбек сіңірген қызметкерін зейнетке шығарып салды
Бүгін Ақтау портына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Михаил Черков және «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нури Тумышев жұмыстық сапармен келді.

24.10.2018 Бүгін Ақтау портында аумағы жөнінен дүние жүзінде үшінші орындағы контейнерлік тасымалдаушы – CMA CGM француздық контейнерлік кеме қатынасы компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Тараптар CMA CGM тобына Ақтау теңіз сауда портын импорт, экспорт және контейнер транзиті мен Ақтау портына кіретін кемелерді жүктеуге/олардан жүк түсіруге арналған логистикалық хаб ретінде пайдалану мүмкіндігін беретін бірлескен ынтымақтастықты зерделеп, бағалауға ниетті.

18.10.2018 Ақтау портында «Жанармай» өрт сөндіру жаттығулары өтті
Бүгін Ақтау порты аумағында «Жанармай» жаттығулары аясындағы өрт сөндіру-құтқару оқулары өтті. Оқу «Caspian Explorer» ЖБҚ дабыл сигналымен басталып, қызметкерлер құрамы толықтай көшірілді және авария қойылымы кезінде оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді, сондай-ақ ЛАРН тобы бондық тосқауылдарды жаю жолымен төгілген мұнайдың жайылуын болдырмады.

11.10.2018 Италиялық Линого қаласының мэрі Ақтау портында болды
Бүгін Маңғыстау облысына ресми сапар аясында италиялық Линого қаласының мэрі Лука Рестелло мырза Ақтау портында болды. Делегация құрамында сондай-ақ мэрдің кеңесшісі мен бизнес өкілдері де болды. Порттың бас диспетчері Вадим Новиков кәсіпорынмен танысу экскурсиясын жүргізіп, қонақтарға ауыстырып тиелетін жүк туралы әңгімеледі.

05.10.2018 Ақтау порты мерейтойын атап өтті
1 қазан күні Ақтау порты өзінің 55 жылдығын атап өтті. Н. Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының үлкен залында өткен салтанатты жиналысқа порт жұмыскерлері мен портпен тығыз ынтымақтастық құрған қаланың түрлі кәсіпорындарынан келген қонақтар жиналды.

03.10.2018 Ақтауда Каспий маңы мемлекеттері теңіз порттары әкімшіліктерінің тоғызыншы бірлескен бесжақты отырысы өтті
30 қыркүйек – 1 қазан күндері Ақтауда Каспий маңы мемлекеттері теңіз порттары әкімшіліктерінің тоғызыншы бесжақты отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан Республикасы және Түрікменстан делегациялары қатысты.

29.09.2018 Портшылар мерейтойлық төсбелгілермен марапатталды
Бүгін портта дәстүрлі күзгі сенбілік өтті. Сенбіліктен соң еңбектегі табысы үшін порттың 111 ардагері мен қызмет етіп жүрген жұмыскері марапатталды.

25.09.2018 Үрімші теміржолдарының бірінші басшысы Ақтау портына келіп кетті
Бүгін «Қытай темір жолдары корпорациясының Үрімші бөлімшесі» ЖШҚ Басқарма Төрағасы Чжан Хайтао мырзаның Ақтау портына ресми сапары өтті.

24.09.2018 Ақтау порты Өмірзақ ауылын көгалдандыруға ықпал етті
Ақтау портының президенті Абай Түрікпенбаев пен Өмірзақ ауылының әкімі Ербол Сарыев ауылдың бас көшесіне салтанатты түрде тал отырғызды.

24.09.2018 Ақтау порты мини-футболдан жарыс өткізді
Ақтау портының таяудағы мерейтойы қарсаңында 7 команданың.