Оқиғалар

18.09.2018 Швейцариялық контейнерлік компания Ақтау портында болып кетті
Бүгін Mediterranean Shipping Company компаниясының Түркия және Грузия елдерінің өңірлік басшылары тұлғасындағы өкілдері Ақтау портына келіп кетті.

18.09.2018 «TransKazakhstan-Translogistica» көрмесі ашылды
Бүгін Алматыда дәстүрлі «TransKazakhstan-Translogistica» көрмесі өз жұмысын бастады. Ақтау порты да көрмеге қатысып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялары тобында бөлек стендте таныстырылды.

17.09.2018 Эстонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақтау портына келіп кетті
Бүгін Эстонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хейти Мяемеэс, Кеңесші Эрки Вайсманн және балтық порттары өкілдерінің портқа ресми сапары өтті.

17.09.2018 Мини-футболдан Ақтау портының 55 жылдығы құрметіне арналған достық чемпионаты
Достық чемпионаты 16 қыркүйекте ынтымақтас кәсіпорындар арасында басталды. Ойындар 23 қыркүйекке дейін жалғасады, жеңімпаз атағы үшін «АТСП» ҰК» АҚ, «КаскорТрансСервис» АҚ, «OMS Shipping» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Маңғыстау жол бөлімшесі», Ақтау және Баутин порттарының теңіз әкімшілігі» РММ, «Құрық порты» ЖШС, Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметінің 2018 әскери бөлімі командалары күреседі.

14.09.2018 Ақтау теңіз сауда порты халықаралық мәртебесінен айырылды
Ақтау теңіз сауда порты халықаралық мәртебесінен айырылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі №544 қаулысында айтылған.

10.09.2018 Констанца порты – Транскаспий Халықаралық Көлік Маршрутының Еуропаға ашылған жаңа қақпасы
Бүгін Ақтау портының президенті А. Турикпенбаев Констанца С.А. «Теңіз порттары әкімшілігі» ҰК мен Транскаспий халықаралық көлік маршруты» Халықаралық қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырған Румынияның Констанца қаласындағы «Констанца порты – Транскаспий Халықаралық Көлік Маршрутының Еуропаға ашылған жаңа қақпасы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

13.08.2018 Ақтау портында үздіктер атап өтілді
Бүгін аппараттық кеңесте Ақтау порты жұмыскерлерін Көлік қызметкерлері күніне орай марапаттау рәсімі өтті.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтап, туған портымыздың игілігіне еңбек ету жолында сәттілік, денсаулық және отбасыларына амандық тілейміз!

13.08.2018 Иран Ислам Республикасы делегациясы Ақтау портына келіп кетті
12 тамызда Ақтау портының президенті Абай Түрікпенбаев Иран Ислам Республикасының порттар және теңізде жүзу жөніндегі бас директоры Чераги Хосейн (Анзали порты) бастаған делегациясымен кездесті.

10.08.2018 Бес мемлекет басшылары саммитінің аясында Ақтау портына жасалған сапар
Алдағы Бес мемлекет басшылары саммитінің аясында Ақтау портына Ляньюньган портының президенті Чжу Сяньян мырза басшылық еткен қытай делегациясы, көлік және логистика компанияларының өкілдері, Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті өкілі Икром Назаров және басқа да ресми тұлғалар келіп кетті.

08.08.2018 Жапониядан келген ғылыми-зерттеу тобы Ақтау портына келіп кетті
Бүгін Ақтау портына техникалық ғылымдар докторы Шибосаки Рюити басшылық ететін Жапониялық делегацияның ресми сапары өтті.