Оқиғалар

28.04.2018 Ақтау портына Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің делегациясы келді
Бүгін Ақтау портына Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің Йоханес Стенбек Мэдсен және Снежан Попов бастаған делегациясы, сонымен бірге Жібек Ахметова бастаған Маңғыстау облыстық «Азаматтық альянс» Заңды тұлғалар бірлестігінің қызметкерлері танысу мақсатындағы сапармен келді.

25.04.2018 Ақтау портында жаттығулар өткізілді
Бүгін Ақтау портында «Теңізде жер сілкінісінің нәтижесінде «Caspian Explorer» жүзбелі бұрғылау қондырғысынан мұнайдың апатты төгілуі» тақырыбында жоспарлы жаттығулар өткізілді.

24.04.2018 Ақтау порты «Төлеген әулие» жерасты мешітінде жөндеу жұмыстарын жүргізді
Ақтау порты өткен аптада мәдениет ескерткіштерін сақтау бойынша дәстүрлі жалпы қалалық шараға қатысты.

23.04.2018 Ақтау порты ауыр салмақты жүктерді ауыстырып тиеуге дайын
15 мамырда Ақтау порты үшін ауыр салмақты және габариттік емес жүктерді ауыстырып тиейтін жүк көтерімділігі 1250 тонналық заманауи шынжыр табанды кранды іске қосу жүк транзиттік дәлізін кеңейту жолындағы айрықша серпіліс болды. Осы уақытқа дейін ауыр салмақты техникалардың ең жоғарғы жүк көтерімділігі 80 тоннадан аспайтын еді.

21.04.2018 Ақтау портының жұмыскерлері веложарысқа қатысты
Бүгін Ақтау портының жұмыскерлері Александр Вялый, Максет Сергеев және Нуржан Сейткалиевтер Астана қаласының 20 жылдығына арналған жалпы қалалық веложарысқа қатысты. Александр Вялый жарысқа қатысушылардың алғашқы ондығында мәреге жетті. Әріптестерімізді құттықтаймыз!

19.04.2018 Ақтау портына ҚР Білім және ғылым министрлігінің сарапшылар тобы келді
Бүгін Ақтау портына Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің жұмысы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің сарапшылар тобы келді.

17.04.2018 Ақтау порты «ТрансРесей-2018» көрмесіне қатысты
17 сәуірде «ТрансРесей-2018» 23-ші Халықаралық көлік-логистикалық қызметтер мен технологиялар көрмесі өз жұмысын бастады. Ақтау порты өзін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниялары тобындағы стендте таныстырды.

14.04.2018 Ақтау портында сенбілік өткізілді
Бүгін Ақтау портында кезекті көктемгі сенбілік өткізілді. Порт ұжымы сенбілік кезінде өз жұмыс орындарын, аумақты тазартып, сенбіліктен соң порттың кәсіподақ комитеті ұйымдастырған дастархан басына ұйымшылдықпен жиналды.

07.04.2018 Ақтау портында тарихта алғаш рет контейнерлерді фидерлік кемемен тасымалдау басталды
2018 жылғы 5 сәуірде «Әзірбайжан Каспий Кеме шаруашылығы» ЖАҚ («ӘККШ»ЖАҚ) тиесілі «Махмуд Рагимов» фидерлік кемесі Транскаспий Халықаралық Көлік Бағытында (Middle Corridor) тұрақты фидерлік контейнерлік қатынастарға қызмет көрсету мақсатында Ақтау теңіз портына (Қазақстан) келіп тоқтады.

05.04.2018 Ақтау портына Санкт-Петербург қаласынан делегация келді
Бүгін Маңғыстау облысымен танысу шарасының аясында Ақтау портына Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының бастауымен РФ Ленинград облысы Заңнамалық жиналысы мүшелерінен құралған делегация келді.