Оқиғалар

19.02.2018 ТМТМ қатысушы елдер 2018 жылы 4 млн. тоннаға дейін жүк тасымалдауға келісті
16 ақпанда Анкара қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Канат Алпысбаевтың басшылығымен «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» ХА» ЗТҰ Жалпы жиналысының отырысы өткізілді. Отырысқа «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ президенті Абай Турикпенбаев пен коммерциялық және әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы Воетман Мартин қатысты.

31.01.2018 Ақтау портында профилактикалық оқу шаралары өткізілді
Бүгін Маңғыстау облысының ІІД Терроризмге қарсы күрес комитетінің тапсырмасы бойынша терроризмге қарсы даярлықтың бірегей күні аясында Ақтау портында Маңғыстау облыстық ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары полиция подполковнигі Дәулет Қаражанов пен арнайы бөлімше өкілдерінің қатысуымен профилактикалық оқу шаралары өткізілді.

24.01.2018 Ақтау портына GENERAL ЕLECTRIC өкілдері келді
Ақтау портына 24 қаңтарда өндірістік үдерістерді басқаруды сандық түріне ауыстыру аясында және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен локомотивтер өндірісі бойынша ынтымақтастықтағы GENERAL ЕLECTRIC COMPANY делегациясы келді.

05.01.2018 Ақтау портына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары келді
Бүгін Ақтау портына Маңғыстау облысына іссапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Т. Хитуов, Экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комиет мүшесі М. Махамбетов, Экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитет мүшесі А. Сапарова, Экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитет мүшесі Н. Жумадильдаева, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының өкілдері келді.

15.12.2017 Ақтау портында ҚР Тәуелсіздік күніне орай марапаттаулар өткізілді
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында Ақтау портының жұмыскерлері өз отанына адал қызмет еткені үшін ведомстволық және үкіметтік наградаларға, сонымен бірге алғыс хаттармен марапатталды.

14.12.2017 Уведомление о проведении электронного аукциона
Уведомление о проведении электронного аукциона по продаже имущества АО «Национальная компания «Актауский международный морской торговый порт» на веб-портале Реестра государственного имущества (www.gosreestr.kz)

14.12.2017 Уведомление о проведении электронного аукциона
Уведомление о проведении электронного аукциона по продаже имущества АО «Национальная компания «Актауский международный морской торговый порт» на веб-портале Реестра государственного имущества (www.gosreestr.kz)

07.12.2017 Үндістандық «Lark logistics Pvt Ltd.» компаниясының өкілдері Ақтау портына келді
«Lark logistics Pvt Ltd.» үндістандық мультимодалдық көлік компаниясы Ақтау порты арқылы контейнерлік тасымалдауды жүзеге асыру мүмкіндіктерін зерттеуде. Осы мақсатта «Lark logistics Pvt Ltd.» компаниясының Басқарма төрағасы Шерад Чандра Гоел мырза мен Бас менеджер Сачин Дхок мырзалар «KTZ Express»АҚ Бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Нурлан Игембаевтың басшылығымен Ақтау портына іссапармен келді.

06.12.2017 Ақтау портында табиғи апаттар кезінде әрекет ету бойынша жаттығу өткізілді
Ақтау портында 5 желтоқсанда сыртқы қауіпсіздік бөлімі ұйымдастырған «Дауыл, қарлы боран, көктайғақ, қар басу, шаңды дауыл және найзағай кезінде әрекет ету» тақырыбында кезекті тактикалық –арнайы жаттығулар өткізілді.

24.11.2017 «Қазтеңізкөлікфлот» Ақтау портында жаңа сүйреткіштерді қабылдады
Бүгін Ақтау порты айлақтарының бірінде отандық флот өміріндегі аса маңызды оқиға – «Қазақтеңізкөлікфлот» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының екі жаңа сүйреткішті қабылдаудың салтанатты рәсімі болды.