Оқиғалар

Дариға Назарбаева бастаған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ақтау портына келді
02.10.2017 Дариға Назарбаева бастаған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ақтау портына келді

Үстіміздегі жылғы 2 қазан күні төрайымы Дариға Назарбаева бастаған ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Ақтау портына келіп, жылжымалы отырыс өткізді.

Бүгін Ақтау порты өзінің 54 жылдық туған күнін мерекеледі
01.10.2017 Бүгін Ақтау порты өзінің 54 жылдық туған күнін мерекеледі

Порт жұмыскерлері – ерекше мамандық иелері, теңіз әрқашанда өз заңына бағындырады, сондықтан осында қатарласа иық тіресіп еңбек ететін барлық жұмыскерлер үшін маңызы зор мереке болып саналады. Мереке қарсаңында екі апта бойы барлық бөлімшелерде жоғары көңіл-күй орын алып, спартакиадалар, сенбілік, балалар суреттерінің байқауы, КВН өткізілді, оған 200- ден астам порт қызметкерлері қатысты.

Ақтау портына Эстон Республикасы Елшілігінің делегациясы келді
18.09.2017 Ақтау портына Эстон Республикасы Елшілігінің делегациясы келді

Бүгін Ақтау портына Маңғыстау облысына іскерлік сапары шеңберінде Астана қаласындағы Эстон Республикасы Елшілігінің делегациясы- Төтенше және Уәкілетті Елші Хейти Мяемеэс мырза, экономика мәселелері бойынша кеңесшісі Кальви Ноормяги мырза және кеңесшісі Эркки Вейсманн мырза келді.

Ақтау портының президенті Ташкент қаласындағы бизнес-форумға қатысып қайтты
18.09.2017 Ақтау портының президенті Ташкент қаласындағы бизнес-форумға қатысып қайтты

15-17 қыркүйекте Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен қазақстандық тауарлардың көрмесі және Өзбек-Қазақ бизнес-форумы өткізілді.Көрмеге Қазақстанда өндірілген автомобильдер, әскери техника, металлургия, фармацевтика және басқа өнімдер қойылды.

Адал еңбегі үшін марапатталды
08.09.2017 Адал еңбегі үшін марапатталды

Бүгін Ақтау портында «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұсынуы бойынша теңізде жүзу және флотты пайдалану қауіпсіздігі бөлімінің табиғат қорғау жабдықтарын пайдалану жөніндегі маман Алдаберген Кашаков «Адал еңбегі үшін» құрметті медалімен марапатталды. Марапатты әріптестердің арасында пайдалану жөніндегі вице-президент В. Хартян тапсырды

Ресей ӘТФ кемелері Ақтау портына келді
06.09.2017 Ресей ӘТФ кемелері Ақтау портына келді

Бүгін Каспий маңы елдерінің арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту аясында «Великий Устюг» шағын ракета кемесі мен «МБ-58» теңіз сүйреткіші Ақтау портына достық сапармен келді. Ақтау порты кемені арқандау және жеке құрамның жағалауға салтанатты түрде шығуы үшін өз айлақтарын ұсынды. Әскери теңізшілерді арнайы қарсы алуға Ресей федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-елшісі Александр Мусиенко келді.

Ақтау портында штабтық жаттығулар өткізілді
05.09.2017 Ақтау портында штабтық жаттығулар өткізілді

Бүгін «Терроризмге қарсы дайындықтың бірегей күні» аясында Ақтау портында «АХТСП» ҰК» АҚ персоналдарының әскери жағдайда немесе террористік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі қимылы» тақырыбында азаматтық қорғаныстың бейбіт кезеңнен әскери жағдайға немесе террористік сипаттағы төтенше жағдайларға ауысуына байланысты штабтық жаттығулар өткізілді.

Ақтау портының жұмыскерлері Маңғыстау облысы жұмысшы жастарының лагеріне қатысты
22.08.2017 Ақтау портының жұмыскерлері Маңғыстау облысы жұмысшы жастарының лагеріне қатысты

Үстіміздегі жылы 19 – 21 тамыз күндері Ақтау портының маркетинг және логистика бөлімінің маманы Амирлан Балтабаев және гараж диспетчері Асел Койшыбаева Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастырып, Ақтау қаласының «Балдәурен» демалыс аймағында өткізілген Маңғыстау облысы жұмысшы жастарының лагеріне қатысып қайтты.

Ақтау портының жұмыскерлері аймақтық іріктеу жарыстарына қатысты
15.08.2017 Ақтау портының жұмыскерлері аймақтық іріктеу жарыстарына қатысты

12 және 13 тамызда Ақтау қаласында «Самұрық- Қазына» АҚ Компаниялар тобының Ү Мерейтойлық Спартакиадасының Бірінші кезеңі – аймақтық іріктеу жарыстары өткізіліп, оған Маңғыстау облысы, Орал, Ақтөбе және Атырау қалаларынан «Самұрық- Қазына» АҚ Компаниялар тобының жұмыскерлері қатысты. Жарыстар сонымен бірге Алматы, Павлодар және Астана қалаларында да ұйымдастырылды.

Ақтау порты Каспий күні аясында өткізілген дөңгелек үстел жұмысына қатысты
09.08.2017 Ақтау порты Каспий күні аясында өткізілген дөңгелек үстел жұмысына қатысты

Ақтау портының өкілдері Каспий күні аясында “Каспий теңізінің экологиялық проблемелары және оларды шешу жолдары” тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел жұмысына қатысты.