Оқиғалар

06.09.2017 Ресей ӘТФ кемелері Ақтау портына келді
Бүгін Каспий маңы елдерінің арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту аясында «Великий Устюг» шағын ракета кемесі мен «МБ-58» теңіз сүйреткіші Ақтау портына достық сапармен келді. Ақтау порты кемені арқандау және жеке құрамның жағалауға салтанатты түрде шығуы үшін өз айлақтарын ұсынды. Әскери теңізшілерді арнайы қарсы алуға Ресей федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-елшісі Александр Мусиенко келді.

05.09.2017 Ақтау портында штабтық жаттығулар өткізілді
Бүгін «Терроризмге қарсы дайындықтың бірегей күні» аясында Ақтау портында «АХТСП» ҰК» АҚ персоналдарының әскери жағдайда немесе террористік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі қимылы» тақырыбында азаматтық қорғаныстың бейбіт кезеңнен әскери жағдайға немесе террористік сипаттағы төтенше жағдайларға ауысуына байланысты штабтық жаттығулар өткізілді.

22.08.2017 Ақтау портының жұмыскерлері Маңғыстау облысы жұмысшы жастарының лагеріне қатысты
Үстіміздегі жылы 19 – 21 тамыз күндері Ақтау портының маркетинг және логистика бөлімінің маманы Амирлан Балтабаев және гараж диспетчері Асел Койшыбаева Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастырып, Ақтау қаласының «Балдәурен» демалыс аймағында өткізілген Маңғыстау облысы жұмысшы жастарының лагеріне қатысып қайтты.

15.08.2017 Ақтау портының жұмыскерлері аймақтық іріктеу жарыстарына қатысты
12 және 13 тамызда Ақтау қаласында «Самұрық- Қазына» АҚ Компаниялар тобының Ү Мерейтойлық Спартакиадасының Бірінші кезеңі – аймақтық іріктеу жарыстары өткізіліп, оған Маңғыстау облысы, Орал, Ақтөбе және Атырау қалаларынан «Самұрық- Қазына» АҚ Компаниялар тобының жұмыскерлері қатысты. Жарыстар сонымен бірге Алматы, Павлодар және Астана қалаларында да ұйымдастырылды.

09.08.2017 Ақтау порты Каспий күні аясында өткізілген дөңгелек үстел жұмысына қатысты
Ақтау портының өкілдері Каспий күні аясында “Каспий теңізінің экологиялық проблемелары және оларды шешу жолдары” тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

07.08.2017 «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлерінің балалары Ақтау портына келді
«Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлерінің екі жүздей балалары «Туған елге саяхат» балалар саяхаты пойызы» әлеуметтік жобасына қарасты «Менің елім» бағдарламасының аясында Ақтау портына келді.

02.08.2017 Ақтау портының балалары жазғы демалыстарын Әзірбайжанда өткізді
Ақтау порты жұмыскерлерінің балалары Баку қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан табиғаты керемет ATLANT демалыс және ойын-сауық орталығындағы «Армандар аралы» атты Әзірбайжанның балаларға арналған сауықтыру-танымдық лагерінде ұмытылмас 10 күндерін өткізіп қайтты.

28.07.2017 Ақтау портында теңізде жүзу қауіпсіздігін күшейту туралы әңгіме болды
28 шілдеде Ақтау портында «Теңіз көлігі саласын дамыту және Каспий теңізінде теңізде жүзу қауіпсіздігінің деңгейін көтеру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

27.07.2017 Ақтау портына ҚР Ауыл шаруашылығы министрі іссапармен келді
ҚР Премьер-Министрі-ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған делегация Маңғыстау облысына іссапармен келіп, қазақстандық астықты теңіз арқылы тасымалдаумен айналысатын Ақтау порты, «Ақ Бидай» астық терминалы және Ақтау теңіз солтүстік терминалдарын алғаш рет аралап, танысып қайтты.

27.07.2017 Ақтау портында терроризмге қарсы күрес бойынша кезекті жаттығулар өткізілді
Үстіміздегі жылғы 26 маусымда Ақтау портында «Террористік акті жасау нәтижесінде гидротехникалық құрылыстардың жарылуына байланысты су басу қаупі төнген кездегі «АХТСП» ҰК» АҚ Азаматтық қорғаныстың ерікті жасақтары мен қызметкерлерінің әрекеті» тақырыбында кезекті жаттығулар өткізілді.