Оқиғалар

Ақтау портында габариттен тыс жүктер ауыстырылып тиелді
02.06.2017 Ақтау портында габариттен тыс жүктер ауыстырылып тиелді

Жақында Ақтау портында салмағы 142 тоннадан астам аса габариттен тыс жүктер ауыстырып тиелді. Ұзындығы 18 метр, ені 6 метр болатын кәдеге жаратқыш қазандық кемеден түсіріліп, теміржол платформасына тиеліп, тапсырыс берушіге жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің пирсында ашық есік күні өтті
01.06.2017 Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің пирсында ашық есік күні өтті

Бүгін Ақтау портының жанында орналасқан Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің пирсында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен «Алатау» жаңа миналық-тартқыш кемесінде Әскери-теңіз күштерінің туы салтанатты түрде көтерілді.

Ақтау портында жұмыскерлер мен азаматтық қорғау ерікті құралымдарының қатысуымен оқу-жаттығу болып өтті
31.05.2017 Ақтау портында жұмыскерлер мен азаматтық қорғау ерікті құралымдарының қатысуымен оқу-жаттығу болып өтті

 Бүгін Ақтау портында «Террорлық әрекетке байланысты өрт пен «АХТСП» ҰК» АҚ-ның ғимараттар мен құрылыстарының бұзылуы кезінде жұмысшылар мен азаматтық қорғау ерікті құралымдарының іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша оқу-жаттығулар өтті.

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттары Ақтау портына келді
31.05.2017 Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттары Ақтау портына келді

Бүгін порт жұмысымен танысу мақсатында Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.С. Есілов, Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты А.У. Сахимов және облыстық мәслихаттың хатшысы Б.К. Жүсіпов Ақтау портына келді.

Порт ардагері құрметті демалысқа шықты
30.05.2017 Порт ардагері құрметті демалысқа шықты

Бүгін Ақтау порты өнеркәсіп қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасының бастығы, порт ардагері Анатолий Игнатьевич Захаровты құрметті демалысқа шығарып салды.

Өзбекстанда Ақтау портының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті
24.05.2017 Өзбекстанда Ақтау портының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті

Бүгін Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында «Транскаспий халықаралық көлік маршруты және Қазақстанның теңіз порттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бакуде бауырлас порттардың отырысы өтті
22.05.2017 Бакуде бауырлас порттардың отырысы өтті

Бүгін Баку қаласында Әзірбайжан Республикасының Көлік, коммуникация және жоғары технологиялар министрі Рамин Гулиев пен Түрік кеңесінің Бас хатшысы Рамиль Гасановтың қатысуымен Түрік кеңесінің Баку-Ақтау-Самсун бауырлас порттарының екінші отырысы өтті. Сессияда бауырлас-порттар шеңберінде теңіз порттарының арасындағы ынтымақтастық, жүк және круиз өнеркәсібі және инфрақұрылымды дамыту туралы ақпаратпен алмасу жөніндегі, сондай-ақ порттарда нақты жобаларды енгізу мақсатында бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігі туралы мәселелер талқыланды.

Ақтау портында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндірілді
19.05.2017 Ақтау портында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндірілді

Бүгін Ақтау портында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін түсіндіру бойынша жиын болып өтті. №1 Ақтау қалалық емханасының директоры Орынша Жұмалиева Ақтау портының ұжымымен кездесу барысында МӘМС негізгі принциптері туралы әңгімелеп берді.

Әзірбайжан мен Қазақстанның арасында Вагондар мен контейнерлердегі жүктерді тасымалдау туралы келісімге қол қойылды
18.05.2017 Әзірбайжан мен Қазақстанның арасында Вагондар мен контейнерлердегі жүктерді тасымалдау туралы келісімге қол қойылды

15 мамыр күні Баку қаласында Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТХКМ) қызметі шеңберінде «Қазақстан темір жолы» АҚ, «Әзірбайжан темір жолы» ЖАҚ, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ, Баку халықаралық теңіз сауда порты, «Әзірбайжан Каспий теңіз кеме қатынасы» ЖАҚ және «Құрық порты» ЖШС арасында Алят-Ақтау-Алят және Алят-Құрық-Алят тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасы арқылы вагондар мен контейнерлердегі жүктерді тасымалдау туралы келісімге қол қойылды.