Оқиғалар

Ақтау портында спорттық жарыстар өтті
05.05.2017 Ақтау портында спорттық жарыстар өтті

Бүгін Отан қорғаушылар күні мен 9 Мамыр – Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Ақтау портында спорттық жарыстар өтті. Оған түрлі бөлімшелердің жұмыскерлері қатысты. Порт қызметкерлері үшін мұндай спорттық шараларды өткізу дәстүрге айналған.

Ақтау порты мерекелік шеруге шықты
02.05.2017 Ақтау порты мерекелік шеруге шықты

Бірінші мамыр күні Ақтау қаласында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай дәстүрлі мерекелік шеру өтті. Мерекелік шеруге порт президенті Абай Түрікпенбаевтың басшылығымен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ ұжымы да қатысты.

Ақтау портының докер-механизаторы Евгений Галатырь Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясының делегаты атанды
27.04.2017 Ақтау портының докер-механизаторы Евгений Галатырь Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясының делегаты атанды

Кешіріңіз, бұл мәтін ғана қол жетімді “Орыс Тілі” и “Американдық Ағылшын Тілі”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

26 апреля в городе Астане во Дворце мира и согласия под председательством Президента Республики Казахстан – Председателя Ассамблеи народа Казахстана Нурсултана Абишевича Назарбаева состоялась XXV сессия Ассамблеи народа Казахстана с повесткой дня: «Стабильность, единство, согласие – основа модернизации».

Ақтау теңіз портында антитеррорлық оқу-жаттығулар өтті
26.04.2017 Ақтау теңіз портында антитеррорлық оқу-жаттығулар өтті

26 сәуір күні Ақтау теңіз портында Маңғыстау облысындағы антитеррорлық дайындық күнін өткізу шеңберінде порт қызметкерлерін террорлық сипаттағы төтенше жағдайларға дайындау мақсатында оқу-жаттығу болып өтті. Оған сыртқы қауіпсіздік бөлімінің бастығы Р.Айнабеков пен ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы Н. Султангельдиев жетекшілік етті.

Ақтау портында сенбілік өтті
22.04.2017 Ақтау портында сенбілік өтті

22 сәуірде Ақтау портында жыл сайынғы дәстүрлі сенбілік өтті. Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында порт қызметкерлері порт аумағын қоқыстан тазартып, жол жиектері мен ағаштардың түбін әктеп, сырлады.

«АХТСП» ҰК» АҚ қызметі туралы жыл сайынғы есеп беру өтті
20.04.2017 «АХТСП» ҰК» АҚ қызметі туралы жыл сайынғы есеп беру өтті

Ақтау портында «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2016 жылдағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметі туралы жұртшылық өкілдері, порт клиенттері мен серіктестері, барлығы 20-дан астам кәсіпорын алдындағы жыл сайынғы есеп беруі өтті.

Ақтау порты – «ТрансРоссия-2017» көрмесінде
19.04.2017 Ақтау порты – «ТрансРоссия-2017» көрмесінде

18 сәуір күні Мәскеуде 22-ші Халықаралық көліктік-логистикалық қызметтер мен технологиялар саласындағы «ТрансРоссия» көрмесі өз жұмысын бастады.

Ақтау қаласында Иранның әскери теңізшілерінің қатысуымен спорттық жарыстар болып өтті
14.04.2017 Ақтау қаласында Иранның әскери теңізшілерінің қатысуымен спорттық жарыстар болып өтті

Бүгін «Мұнайшы» стадионында сейсенбі күні Ақтау қаласына достық сапармен келген «Дамаванд» эскадралық минатасушысы мен «Пейкан» ракеталық кемесінің экипажының қатысуымен спорттық шаралар болып өтті. Спорттық сайысқа 29011 және 21814 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, сонымен қатар Ақтау теңіз портының жұмыскерлері қатысты. Спорттық шараны Иранның ӘТК кемелерінің командирі Махмуд Амузеш пен 29011 әскери бөлімінің командирі К.С. Ниязбеков ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ақтау портына Маңғыстау облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу штабының мүшелері келді
13.04.2017 Ақтау портына Маңғыстау облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу штабының мүшелері келді

12 сәуір күні Ақтау портына Маңғыстау облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу штабының мүшелері – Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Абзал Меңдібаев, облыстық аурухана директорының орынбасары Азамат Бисен, басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Жандос Ниязов және облыстық аурухананың өкілі Еркін Мұхамбетов келді. Олар порт ұжымымен кездесіп, Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстарының негізгі қағидалары туралы әңгімеледі, жұмыскерлердің сұрағына жауап беріп, сұрақ туындаған жағдайда Ақтау қаласында 30-30-60 телефоны бойынша кеңес алуға болатынын хабарлады.

Ақтау портына Иран Ислам Республикасының әскери кемелері келді
11.04.2017 Ақтау портына Иран Ислам Республикасының әскери кемелері келді

Бүгін Ақтау портында мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде достық сапармен келген Иран Ислам Республикасының әскери-теңіз күштері кемелерін салтанатты түрде қарсы алды. Үш күн ішінде «Дамаванд» эскадралық минатасушысы мен «Пейкан» ракеталық кемесінің экипажы әскери-теңіз базасының жеке құрамымен кездесіп, Ақтау қаласын аралап, футболдан достық матчын өткізеді.