Оқиғалар

19.05.2017 Ақтау портында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндірілді
Бүгін Ақтау портында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін түсіндіру бойынша жиын болып өтті. №1 Ақтау қалалық емханасының директоры Орынша Жұмалиева Ақтау портының ұжымымен кездесу барысында МӘМС негізгі принциптері туралы әңгімелеп берді.

18.05.2017 Әзірбайжан мен Қазақстанның арасында Вагондар мен контейнерлердегі жүктерді тасымалдау туралы келісімге қол қойылды
15 мамыр күні Баку қаласында Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТХКМ) қызметі шеңберінде «Қазақстан темір жолы» АҚ, «Әзірбайжан темір жолы» ЖАҚ, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ, Баку халықаралық теңіз сауда порты, «Әзірбайжан Каспий теңіз кеме қатынасы» ЖАҚ және «Құрық порты» ЖШС арасында Алят-Ақтау-Алят және Алят-Құрық-Алят тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасы арқылы вагондар мен контейнерлердегі жүктерді тасымалдау туралы келісімге қол қойылды.

15.05.2017 Ақтау портында «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушыларына экскурсия өткізілді
Бүгін Ақтау портына «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары экскурсиямен келді. Маркетинг және логистика бөлімінің бастығы Досхан Әмір лицей оқушыларына порт жұмысының ерекшеліктері туралы айтып берді. Оқушылар порттың қалыптасу тарихынан қызықты мәліметтерді тыңдап, бидай терминалын, құрғақ жүк және мұнай құю терминалдарын аралады. Экскурсия соңында оқушыларға порттың жұмысы баяндалған ақпараттық буклеттер таратылды.

09.05.2017 Ақтау порты Ұлы Отан Соғысының ардагерін Жеңіс мерекесімен құттықтады
Жеңіс күні қарсаңында Ақтау порты Ұлы Отан Соғысының ардагері Хамит Олжабайұлы Олжабаевты мерекесімен құттықтап, кір жуғыш машинаны сыйға тартты. Ардагер күрделі операциядан кейін Жыңғылды ауылында тұратын ұлының үйіне көшіп барған екен, ауылдық жерге бұл тұрмыстық бұйымның аса қажет екені белгілі.

05.05.2017 Ақтау портында спорттық жарыстар өтті
Бүгін Отан қорғаушылар күні мен 9 Мамыр – Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Ақтау портында спорттық жарыстар өтті. Оған түрлі бөлімшелердің жұмыскерлері қатысты. Порт қызметкерлері үшін мұндай спорттық шараларды өткізу дәстүрге айналған.

02.05.2017 Ақтау порты мерекелік шеруге шықты
Бірінші мамыр күні Ақтау қаласында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай дәстүрлі мерекелік шеру өтті. Мерекелік шеруге порт президенті Абай Түрікпенбаевтың басшылығымен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ ұжымы да қатысты.

27.04.2017 Ақтау портының докер-механизаторы Евгений Галатырь Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясының делегаты атанды
26 апреля в городе Астане во Дворце мира и согласия под председательством Президента Республики Казахстан – Председателя Ассамблеи народа Казахстана Нурсултана Абишевича Назарбаева состоялась XXV сессия Ассамблеи народа Казахстана с повесткой дня: «Стабильность, единство, согласие – основа модернизации».

26.04.2017 Ақтау теңіз портында антитеррорлық оқу-жаттығулар өтті
26 сәуір күні Ақтау теңіз портында Маңғыстау облысындағы антитеррорлық дайындық күнін өткізу шеңберінде порт қызметкерлерін террорлық сипаттағы төтенше жағдайларға дайындау мақсатында оқу-жаттығу болып өтті. Оған сыртқы қауіпсіздік бөлімінің бастығы Р.Айнабеков пен ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы Н. Султангельдиев жетекшілік етті.

22.04.2017 Ақтау портында сенбілік өтті
22 сәуірде Ақтау портында жыл сайынғы дәстүрлі сенбілік өтті. Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында порт қызметкерлері порт аумағын қоқыстан тазартып, жол жиектері мен ағаштардың түбін әктеп, сырлады.