Оқиғалар

Ақтау портында ТХКБ дамыту бойынша Жұмыс тобының отырысы өтті
20.05.2019 Ақтау портында ТХКБ дамыту бойынша Жұмыс тобының отырысы өтті

Бүгін Ақтау қаласында (Қазақстан) «Транскаспий халықаралық көлік бағдарын» (ТХКБ) дамыту бойынша Жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Дүниежүзілік контейнер тасымалдаушысы MSC Ақтау порты арқылы тестілік ауыстырып тиеуді бастады
18.05.2019 Дүниежүзілік контейнер тасымалдаушысы MSC Ақтау порты арқылы тестілік ауыстырып тиеуді бастады

2019 жылғы 18 мамырда үнемі әрекет ететін фидерлік кеме Бакудан Ақтау портына әлемдегі ең ірі теңіз контейнерлік тасымалдаушы MSC компаниясының бірінші тестілік контейнерлерін жеткізді.

Ақтау портына Қытайдан делегация келді
16.05.2019 Ақтау портына Қытайдан делегация келді

Бүгін Ақтау портына Цзянсу (ҚХР) провинциясының Ляньюньган қаласы мэры Фан Вэй мырзаның басшылығымен делегация келді. Оның құрамында Халық үкіметінің мүшелері, Ляньюньган портының басқарма төрағасы Дин Жуй мырза, порт өкілдері, «Ляньюньган қаласының қытайлық-қазақстандық халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШҚ бас директоры Лю Бинь мырза және басқа да ресми тұлғалар.

«Каспий порттары және кеме қатынас -2019» 1-халықаралық көрме және конференция жұмысын бастады
14.05.2019 «Каспий порттары және кеме қатынас -2019» 1-халықаралық көрме және конференция жұмысын бастады

Бүгін Ақтау қаласында Каспиан Ривьера Гранд палас мейманханасында «Каспий порттары және кеме қатынас -2019» 1-Халықаралық көрме және конференция жұмысын бастады. 30-дан аса көлік-логистикалық компаниялар өкілдері, әлемнің он бес елінен үш жүзге жуық қатысушылар Азия және Еуропа арасындағы сауда жолдарын дамыту және арттыруға бағытталған шешімдер іздеу және талқылау үшін жиналды.

Ақтау туыстас порттар Түркі кеңесінің үшінші мәжілісі өтті
13.05.2019 Ақтау туыстас порттар Түркі кеңесінің үшінші мәжілісі өтті

Бүгін Ақтау портына Цзянсу провинциясы (ҚХР) Ляньюньган қаласынан қала әкімі Фан Вэй мырза басшылығымен ірі іскерлік делегация келді. Онық құрамында Халық үкіметінің мүшелері, Ляньюньган порты басқармасының төрағасы Дин Жуй мырза, порт өкілдері, «Ляньюньган қаласының қытайлық-қазақстандық халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШҚ бас директоры Лю Бинь мырза және басқа да ресми тұлғалар болды.

Транзиттік контейнерлік жүктің Өзбекстанға бірінші жіберілуі
13.05.2019 Транзиттік контейнерлік жүктің Өзбекстанға бірінші жіберілуі

Бүгін, Ақтау портында келешекті жоба аясында Өзбекстанға транзиттік контейнерлік жүктің алғашқы жіберілуі өтті. 20 жиырма футтық контейнер орналасқан он фитингтік платформалар «Узбекистан Темир Йуллари» АҚ-на тиесілі Ташкент-Ақтау-Ташкент бағдарлық пойызбен Ташкентке жөнелтілді.

«Баутино» ЖА арқылы ирандық цемент ауыстырып тиелді
11.05.2019 «Баутино» ЖА арқылы ирандық цемент ауыстырып тиелді

Бүгін Баутино жүк ауданында 2000 тонна цемент түсірілді. Бұл құрылыс материалы Маңғыстауда пайдаланады деп болжануда.

Ақтау порты ветеранды құттықтады
08.05.2019 Ақтау порты ветеранды құттықтады

Бүгін, Ақтау порты қызметкерлері мен кәсіби одақ өкілдері Ұлы Отан соғыс ардагері Қайры Хыдырбаевты Жеңіс күнімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті. Қайры ағаның 97 жаста, ол үлкен тату отбасында ұлы, немерелері және шөберелерімен тұрғандықтан, арнайы тапсырыспен дайындалған үлкен әдемі торт мерекелік отбасы дастарханына өте орынды болды.

Состоялась встреча с представителями грузинских компаний
04.05.2019 Состоялась встреча с представителями грузинских компаний

Кешіріңіз, бұл мәтін ғана қол жетімді “Орыс Тілі” и “Американдық Ағылшын Тілі”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

Сегодня, в рамках выездного Совета Директоров АО «НК «Актауский международный морской торговый порт», состоялась деловая встреча с представителями грузинских компаний REP TRANS 2013 LTD Александром Закалашвили и ASIA TRADE DMCC Леваном Качарава.

Ақтау порты сапармен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары келді
04.05.2019 Ақтау порты сапармен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары келді

Ақтау портына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Жаилғанова Анар Нұралықызы, Казанцев Павел Олегович, Курманова Айзада Амангельдиновна, Утебаев Сәкен Нуриевич келді.