+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

«Қара және Каспий порттары және кеме қатынасы 2022» халықаралық конференция

Ағымдағы жылдың 6-7 сәуір аралығында Грузияның Шекветили қаласында «AMP Terminals Poti» қолдауымен «Transport Events» компаниясы  ұйымдастырған «Қара және Каспий порттары және кеме қатынасы 2022» халықаралық конференциясы өтті.

2 күнге созылған конференция аясында ұйымдастырушылар конференция атауына сай көлік-логистикалық көрме өткізді.

«АТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы (Президенті) А.Н. Түрікпенбаев «Қара теңіз-Каспий аймағындағы сауда сұранысын ынталандыру» тақырыбында баяндама жасады, онда ол бүгінгі таңда Шығыс Еуропа елдері арқылы дәстүрлі маршруттардың маңыздылығы төмендеуіне байланысты ТХКБ бағытына әртүрлі жүк жөнелтушілердің қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті.

Конференция аясында қатысушылар қарқынды өзгеріп келе жатқан өңірлік көлік логистикасы нарығын және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа нысандарын құру мүмкіндіктерін белсенді түрде талқылады.