+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия және Грузия Сыртқы істер және көлік министрлерімен 2022-2027 жылдарға арналған ТХКМ бағытын дамыту және тар жерлерді синхронды жою бойынша жол картасына қол қойылды

25.11.2022 ж. Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия және Грузия Сыртқы істер және көлік министрлерімен 2022-2027 жылдарға арналған ТХКМ бағытын дамыту және тар жерлерді синхронды жою бойынша жол картасына қол қойылды.

Құжат елдердің әрқайсысында көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуды, маршрутқа қосымша жүк ағындарын тартуды, бірыңғай тарифтік саясатты іске асыруды және цифрлық дәлізді енгізу арқылы ақпараттық интеграцияны көздейді.

Транскаспий өзара байланысын нығайту жолындағы бұл практикалық қадам елдердің көлік әлеуетін дамыту мәселелеріне деген көзқарастарының бірлігі туралы айтады.

Кездесу барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев атап өткендей, қазір Транскаспий дәлізін одан әрі дамыту бойынша нақты шешімдер қабылдау өте маңызды, ол бойынша жүктерді тасымалдау жүктемесі бірнеше есе өсті.