+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Ақтау портына сапары 

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  Ә.А. Смайылов Ақтау портында болып, теңіз логистикалық хабының инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен танысты.

«АТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы (Президенті) А.Н. Турикпенбаев өз баяндамасында атап өткендей, қазіргі жағдайда Ақтау портының міндеті өсіп келе жатқан жүк ағымына, соның ішінде транзитке қызмет көрсету үшін жағдай жасау болып табылады.

Қолда бар болжамдарға сәйкес, биылғы жылы контейнерлік тасымалдар өткен жылмен салыстырғанда екі есеге – 50 000 TEU-ге дейін, ал TITR бағыты бойынша тасымалдау көлемі алты есеге – 3,2 миллион тоннаға дейін өседі деп күтілуде.

Жүк тасымалының өсу динамикасын ескере отырып, теңіз операторлары «Қазтеңізкөлікфлот» ҰТКҚК» ЖШС және ASCO (Әзербайжан) бір ай ішінде Ақтау және Баку (Алят) порттары арасында жүру үшін қосымша 2 кеме тартуды жоспарлап отыр. Осылайша, жақын арада бағытқа 5 фидерлік кеме қатынайтын болады.

Сонымен бірге, Ақтау портында кемелердің келуі және кетуі бойынша бір мезгілде жұмыс істейтін комиссиялардың саны екіден үшке дейін ұлғайтылып, жабық шекара режімінде тиелген кемелерге бункерлік операцияларды жүргізуге рұқсат алу рұқсат алу мәселесі қарастырылып жатыр.

Қабылданған шаралар кемелерді өңдеу уақытын айтарлықтай қысқартылып, порттың өндірістік тиімділігіне оң әсер етеді.