+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі өкілдерінің сапары

2021 жылғы 23 қарашада Маңғыстау өңірінің көлік инфрақұрылымымен танысу шеңберінде Ақтау портына Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің экономика саласындағы мамандары Джейми Ле Блан-Хадли мен Кәрім Ахметова келді.

Қонақтарға порт айлақтары бойынша таныстыру экскурсиясын өткізіп, өндірістік көрсеткіштер туралы айтып берді.

Порт атынан қонақтарды бірінші вице-президент Назбан Мехта және операциялық жұмыс жөніндегі атқарушы директордың міндетін атқарушы
В. В. Новиков қарсы алды.