+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

ҚДБ қызметкерлерінің Ақтау портына келуі

2021 жылғы 29 тамызда Қазақстанның Даму Банкінің қатысуымен іске асырылған жобаларды аралау мақсатында Ақтау портына ҚДБ Директорлар Кеңесінің мүшелерінен, басқарма мүшелерінен және қызметкерлерінен тұратын делегация келді.

Банкпен ынтымақтастық “Ақтау теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту”инвестициялық жобасын іске асыру шеңберінде 2005 жылдан басталды.

Жоба шеңберінде банктің қарыз қаражаты есебінен порт акваториясында қауіпсіз теңізде жүзуді қамтамасыз ететін қорғаныштық гидротехникалық құрылыстар салынды.

2018 жылы Банк банктік қарыздарды қайта құрылымдау бойынша теңдессіз қолдау шарасын көрсетті, бұл Ақтау портына қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Осы жылдар ішінде “Қазақстанның Даму Банкі” АҚ өзін сенімді серіктес және Қазақстанның қаржы-несие жүйесінде өз орнын тапқан табысты қаржы институты ретінде танытты.

Қонақтар үшін таныстыру экскурсиясын “АМТП “ҰК” АҚ Басқарма Төрағасы (Президент) А.Н.Турикпенбаев өткізді.

Порт басшысы Ақтау портының ағымдағы жылдың 8 айындағы өндірістік және қаржылық көрсеткіштері туралы айтып, Қазақстанның контейнерлердегі жүктерді ауыстырып тиеуді ұлғайту бойынша экспорттық және транзиттік мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік беретін ТХКБ бағдарын дамыту бойынша ағымдағы жағдайды атап өтті.