+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің жұмыс сапары

2022 жылғы 11 маусымда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері жұмыс сапарымен Ақтау портында болды.

 

«АТСП» ҰК» АҚ басқарма Төрағасы (Президенті) Абай Түрікпенбаев портты дамыту және қазақстандық транзит пен экспортқа жағдай жасау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

 

Бүгінгі күні атап өтілген қазақстандық экспорт пен транзит жеткізілімінің логистикалық бағыттары географиясының өзгеруі осымен салыстырғанда өткее жылдың осы кезеңінде Ақтау порты арқылы ТХКБ бағыты бойынша металл ауыстырып тиеу 4 есеге және контейнерлер ауыстырып тиеу 2 есеге ұлғаюына әкелді.

 

Ақтау және Баку порттары арасында онлайн ақпарат алмасуды енгізу, кеме кіргізу және жөнелтілуі бойынша бір мезгілде жұмыс істейтін комиссиялар санын ұлғайту, сондай-ақ ТХКБ бағытына қосымша кемелер тарту бойынша қабылданған шаралар да порт арқылы өткізу қабілетін арттыруға ықпал етеді.

 

Ақтау портының жоспарланған стратегиялық бастамаларын одан әрі дәйекті түрде жүзеге асыру Каспий теңізіндегі қазақстандық көлік-логистикалық инфрақұрылымның мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.