+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

“ҚТЖ-ның 100 жас тұлғасы” жобасы

“ҚТЖ-ның 100 жас тұлғасы” жобасы – бұл жас талантты қызметкерлерді дамытуға бағытталған компанияның жастар саясаты шеңберінде іске асырылатын бастама. Үздік 100 тобына енген жеңімпаздар операциялық кадрлар резерві және компаниядағы өзгерістер агенттері болып табылады.

Жобаға қатысуға өтінім 15 қыркүйекке дейін қабылданды. 500-ге жуық кандидатты іріктеу нәтижелері бойынша “ҚТЖ-ның 100 жас тұлғасы” жеңімпаздарының қатарына порттың төмендегідей қызметкерлері кірді: еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің бастығы Нукибаев Жанат Қасенғазыұлы, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші маманы Ержанова Ғазиза Базарбайқызы, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Баубекова Салима Салауатқызы, көлік логистикасы бөлімінің 2 деңгейдегі маманы Аманжолов Жігер Молдабекұлы.

Аталған порт қызметкерлері елордада 11-15 желтоқсан аралығында өткен «ҚТЖ» ҰК» АҚ XI республикалық жастар форумына шақырылып, қатысты, онда олар төсбелгілермен, куәліктермен марапатталды және «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығына ұсынылды.

Форумның негізгі форматы компанияның стратегиясын бірлесіп талқылау, панельдік пікірталастар, «тиімді жоспарлау», «командалық білім беру», «жаңа шынайы келіссөздер шеберлігі», «күйзеліске төзімділік», «көшбасшылық» және басқа да сыртқы және ішкі жаттықтырушылардың қатысуымен тренингтер желісі, кейстер чемпионаты, «қауіпті қалдықтар» сессиясы, «басқару ресурсы» және т. б.

Форум аясында қатысушылар компанияның топ-менеджерлеріне ESG және цифрландыру қағидаттарына сәйкес келетін қолданыстағы үдерістерді жақсартуға бағытталған 11 жобаны таныстырды.

Ресми жабылу рәсімінде сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев «100 жас тұлғаның» жеңімпаздары өзгерістердің болашақ көшбасшылары болып табылатынын, олардың құзыреті мен біліктілігін арттыру кадрлық, техникалық саясаттың және тұтастай алғанда компанияның Даму стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті.