+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ақтау порты арқылы ТХКМ бағыты бойынша жүктерді тасымалдау 66% – ға өсті .

2022 жылдың 10 айында Ақтау теңіз порты арқылы 3,2 млн. тонна жүк ауыстырылды, бұл өткен жылдың деңгейінен 7% – ға жоғары. Оның ішінде мұнай 1,9  млн тоннадан астам (+7%), астық 385 мың тоннаны құрады. Контейнерлік жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 17% – ға, 26,4 мың ЖФЭ-ге дейін өсті.

Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКМ) бағыты бойынша тасымалдау көлемі өткен жылға қарағанда 66% – ға ұлғайды және 23,8 мың ЖФЭ-ні құрады. Ақтау теңіз порты Қазақстан, Иран, Әзірбайжан, Ресей және Түркияны байланыстыратын көлік дәліздерінің қиылысында орналасқан.