+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

“2022 жыл – жарақатсыз жыл”

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бойынша жарияланған «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы” аясында 1 және 2 желтоқсанда «КТД-Жүк тасымалы» – «Батыс» ЖШС Маңғыстау бөлімшесі базасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «КТД-Жүк тасымалы» ЖШС басшылығының, өңірлік және желілік деңгейдегі жауапты басшылардың қатысуымен семинар-кеңес өтті,.

Өндірістік қауіпсіздік саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған шараға көлік прокуратурасы, көліктегі СЭС және еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция өкілдері шақырылып,  жол бөлімшелерінің бас инженерлері, қауіпсіздік және экология қызметінің қызметкерлері қатысты.

Екі күндік бағдарлама семинар-кеңеске қатысушылардың Ақтау теңіз портыныңоның қызметімен танысу мақсатында келуін де қамтыды.