+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

28-29.04.2022 Тбилиси қаласында Қазақстан-Грузия үкіметаралық комитетінің он бірінші отырысы өтті

28-29.04.2022 Тбилиси.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комитетінің он бірінші отырысына қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады.

Үкіметаралық комитет жұмысына Ақтау портынан «АТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы (Президенті) Абай Ноғайұлы Түрікпенбаев қатысты.

Бүгінгі нақты жағдайда Қазақстан мен Грузия аумақтары арқылы транзиттік тасымалды дамытудың маңыздылығы бұрынғыдан да өзекті болып отыр. 2022 жылдың басынан бері екі ел арасындағы теміржол көлігімен жүк тасымалы 142 пайызға артып, тұрақты өсу үрдісіне ие болды.

Көлік саласындағы ынтымақтастық блогында тараптар сонымен қатар ТХКМ бағытын дамыту және Ақтау, Батуми, Поти порттарының өткізу қабілетін арттыру мәселелерін талқылады.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев ескерткішінің ашылу салтанаты делегацияның мәдени бағдарламасына енді. Грузин мүсіншісі жасаған ескерткіш Грузия астанасының бақтарының бірінде орнатылған.

Анықтама үшін:

2021 жылы екіжақты сауда көлемі 42%-ға өсті

Грузияда қазақстандық капиталдың қатысуымен 123 заңды тұлға бар.

2021 жылы Грузияға 67 мың қазақстандық барған.