+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

2-халықаралық көрме мен “Каспий порттары және кеме қатынасы – 2021” конференциясына қатысу аясында Ақтау портына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің вице-министрі Р.Н. Баймишев бастаған делегация келді.

Ақтау портының Басқарма төрағасы (Президент) А. Н.Турикпенбаев қонақтардың алдында ағымдағы жылдың 9 айындағы Ақтау портының өндірістік және қаржылық көрсеткіштерін атап өтті, сондай-ақ порт аумағы бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді.