+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Екінші рет Маңғыстау өңірі көлік саласының өзекті мәселелерін халықаралық деңгейде талқылау, тәжірибе алмасу, серіктестермен іскерлік байланыстарды кеңейту және нығайту алаңына айналды.

 

“Каспий порттары және кеме қатынасы – 2021” 2-ші Халықаралық көрме мен конференция қатысушыларға барынша тиімді шешімдер қабылдау үшін ашық диалог форматында барлық өзекті тақырыптарды талқылауға мүмкіндік берді.

 

Көрмені ашқан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Руслан Баймишев іс-шараның ұйымдастырылу деңгейін және Елшілердің қатысуын жоғары бағалады

Конференция жұмысында Еуропалық Одақ, сондай-ақ Дүниежүзілік банк өкілдері қатысты.

 

Өз сөзінде өңір басшысы Нұрлан Ноғаев заманауи көлік инфрақұрылымының қалыптасуы өңір экономикасына оң мультипликативті әсер ететінін, ал жергілікті атқарушы органдар өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін толық іске асыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын атап өтті.

 

Ал Ақтау порты Басқармасының Төрағасы Абай Түрікпенбаев көрме мен конференцияға қатысушыларға қызықты және жемісті пікірталастар тіледі.