+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Құрметті достар, Ақтау портының серіктестері,
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның «Ақтау теңіз порты» кеден бекетінің қызметкерінің ұсталуы туралы бірқатар мақалалар мен оларға жазылған пікірлерге қатысты белгілі бір түсініктеме бергіміз келеді.

Белгілі болғандай, «Ақтау теңіз порты» атауы Ақтау теңіз портында өз қызметін жүзеге асыратын немесе Ақтау портына функционалдық қатысы бар көптеген мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауында пайдаланылады. Мұны көптеген  оқырман «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ тиесілі деп түсінеді.

Алайда, «АТСП» ҰК» АҚ өндірістік қызметі жүктерді өңдеу (тиеу/түсіру) қызметін көрсету болып табылады және бақылау-қадағалау органдарының, соның ішінде Кедендік бақылау органдарының функцияларына қатысы жоқ.

Осыған байланысты, кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлық деректері туралы соңғы хабарламалар «АТСП» ҰК» АҚ немесе оның қызметкерлеріне ешқандай қатысы жоқ екендігін атап өткіміз келеді.

Сонымен қатар, Компания қызметкерлері арасында құқыққа қарсы іс- әрекеттердің алдын алуға бағытталған енгізілген құралдарды тиімді пайдаланып, Іскери әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты бекітіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет жұмыс істейді.

Біздің міндетіміз – жоғары әдеп стандарттарын көрсету және контрагенттермен, мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста сыбайлас жемқорлықтан бас тарту болып табылады.

Іскери әдеп пен сыбайлас жемқорлық көріністерімен байланысты кез келген деректер бойынша біздің жедел желімізге жасырын түрде хабарлай аласыз:

☎️ Жедел желі: 8-800 080 47 47
? Whats App: 8-771-19188-16
? Интернет-порталы: www.sk-hotline.kz
? E-mail: mail@sk-hotline.kz
?Мобильді қосымша: KTZ HSE