+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ақтау қаласының әкімдігі мен “АМТП “ҰК” АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум

2021 жылғы 15 сәуірде Ақтау қаласының әкімдігі мен “АМТП “ҰК” АҚ арасында жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Еңбек қатынастары тараптарының мүдделерін барынша есепке алуды қамтамасыз ету, кәсіпорын үшін экономикалық тәуекелдер туындаған кезде, өндірістің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және өндірістің қажетті көлемін сақтау мақсатында Тараптар өзіне мынадай негізгі міндеттемелерді алды:

«АТСП» ҰК» АҚ:
– өндірістік процестерді және жұмыспен қамтуды тұрақтандыру;
– әлеуметтік әріптестік жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияда болжанатын жағдайды қарау;
– өндіріс көлемін қысқарту кезінде толық емес жұмыс уақыты режиміне көшу;
– ішкі өндірістік оқыту жүйесін дамыту, біліктілікті арттыру және қайта даярлау;
Ақтау қаласының әкімдігі:
– инвестициялар тарту және инновациялар енгізу үшін қолайлы орта қалыптастыру;
– талап етілетін мамандықтар бойынша қызметкерлерді кәсіби оқытуға және қайта оқытуға септігін тигізу.