+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ақтау порты – АЭА қатысушысы

Ағымдағы жылдың 12 мамырында “АТСП” ҰК” АҚ “Ақтау теңіз порты” АЭА қатысушысы ретінде тіркелгенін растайтын тиісті куәлік алып, арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне тағы бір қатысушы ретінде толықты.

Бұған дейін “Ақтау теңіз порты” АЭА басқарушы компаниясының алаңында “АТСП” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы А.Н. Турикпенбаев пен “Ақтау теңіз порты” АЭА” АҚ Басқарма төрағасы А.Т. Қабашев  қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қол қою рәсімі өткен болатын.

“АТСП” ҰК” АҚ-ның “Ақтау теңіз порты” АЭА құрамына қосылуы ҚР ИИДМ Көлік комитеті, Маңғыстау облысының әкімдігі қолдаған және Ақтау портының бөлімшелері  іске асырған бірқатар бастамалар мен іс-шаралардың қисынды қорытындысы болды.

Бұдан басқа, АЭА аумағының құрамына Ақтау портының оқшауланған бөлімшесі – Ақтау қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан “Баутино” жүк ауданы енгізіліп, жеке субаймақ құрылды.

Жоғарыда айтылғандай, АЭА шеңберінде берілетін артықшылықтар портты дамытудың инвестициялық жобаларын толыққанды іске асыруға ықпал етіп, қаржыландыруға бағытталатын болады.

Бірінші кезектегі инвестициялық жобалардың қатарында Ақтау портының базасында контейнерлік хаб салу және портты заманауи қайта тиеу техникасымен толық жарақтандыру жобасы бар.

Ақтау порты үшін арнайы құқықтық режим 2028 жылға дейінгі мерзімге белгіленген және “Ақтау теңіз порты” АЭА-ның жұмыс істеу мерзіміне сәйкес келеді.