+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ақтау портына Ресей Федерациясының Челябі облысының экономикалық даму министрлігінің өкілдері келді

Жаңа логистикалық бағыттарды пысықтау және сауда-логистикалық саладағы өзара іс-қимылды жандандыру шеңберінде Ақтау портына Ресей Федерациясы Челябі облысының Экономикалық даму министрлігінің өкілдері келді.

Челябі облысы Экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Глухарев бастаған делегация Ақтау портының ағымдағы өндірістік қуаттарымен және оның болашақтағы даму жоспарларымен танысты, сондай-ақ ынтымақтастықты дамыту туралы өз көзқарасымен бөлісті.

Қазақстан Республикасы көптеген жылдар бойы Ресей Федерациясының Челябі облысының ең ірі сыртқы сауда серіктесі болып қала береді. Бұл ретте екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің басым және болашақтағы бағыттарының бірі – Ақтау портының қуатын пайдалана отырып транзиттік жүк тасымалын жандандыру қарастырылуда.

Челябі облысы Сібір мен Қиыр Шығыс өңірлерінде өндірілетін жүк базасын қалыптастыру үшін ыңғайлы географиялық орын бола отырып, Таяу Шығыс және Үндістан елдері бағытында ағаш өңдеу және металлургия өндірістерінің өнімдерін, кері қарай ауыл шаруашылығы жүктерін тасымалдау  үшін транзиттік хаб бола алады.