+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ақтау портында Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

2021 жылғы 24 тамызда Ақтау портында Президенттің Көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ә.Ө. Исекешевтің төрағалығымен “көлік – транзиттік қауіпсіздік” бағыты бойынша ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырыстарына ұсыныстарды дайындау бойынша сараптамалық топтың қорытынды Zoom – отырысы өтті.

Су көлігінің қазіргі жағдайы туралы, сондай -ақ қазақстандық порттардың және отандық сауда флотының дамуына әсер ететін өзекті проблемалық мәселелер туралы ақпаратпен «АТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы (Президенті) Түрікпенбаев Абай Ноғайұлы сөз сөйледі.

Ақтау портының басшысы атап өткендей, Каспий нарығындағы Қазақстанның үлесін арттыру үшін “өз жүкіміз – өз портымыз – өз флотымыз” қағидатын құруды ескере отырып, әкімшілік кедергілерді жою және перспективалы жүктерді контейнерлеу мәселелеріне жәрдемдесу бөлігінде мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ жаңа сауда кемелерін сатып алу және жүзу құрамын ұлттық кадрлармен жасақтау үшін бюджеттік кредит беру түрінде мемлекеттік қолдау көрсету қажет.