+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ақтау портында жаттығу өтті

Осы жылдың 11 маусымында Ақтау порты айдынында мұнайдың апатты төгілуін жою және оқшаулау бойынша жаттығу өтті. Сценарий бойынша «Caspian Explorer»  ПБУ бункерлеу кезінде Ақтау портының №9 айлағында  шамасы 250,кв.м. ластаған  апатты мұнай төгілу орын алады, қысқа тұйықталудың  нәтижесінде бұрғылау қондырғысында электркабелі өртенеді. Порт диспетчерінің бастамасымен мұнайдың апатты төгілуін жою бойынша топ жасақталады және хабарландыру схемасына сәйкес тиісті мекемелер хабардар етілді.

Бұл жаттығудың мақсаты мұнай төгілуін жою және оқшаулау бойынша әрекет барысында порт айдынында өрт сөндіру, бортта қалып қойған экипаж мүшелерін құтқару және эвакуациялауда Ақтау порты бөлімшелерінің және мүдделі қызметтердің өзара әрекеттерін өңдеу, тәжрибелік дағдыларын жетілдіру еді.