+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

“АТСП”ҰК”АҚ жұмыскерлерінің 84 % вакцинадан өтті

2021 жылдың сәуір айынан бері «Ақтау теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 395 жұмыскері коронавирус инфекциясына қарсы вакцинасын алды. Бұл қоғам жұмыскерлерінің жалпы санының 84% құрайды.

Вакцинаның 2 компонентін 320 жұмыскер алды (69%).

Жұмыскерлердің көпшілігі «Спутник V» вакцинасын алған.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ статистикасына сәйкес вакцина алған жұмыскерлердің компаниялар тобындағы саны бойынша, Ақтау теңіз сауда порты 3 орынды алуда.

Осы уақытқа дейін Қоғам жұмыскерлері арасында антиковид вакцинасы туралы түсінік жұмыстары жүргізілген болатын.

Сонымен қатар, пандемия қаупі жойылмайынша, жұмыскерлер арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін күнделікті негізде түсінік жұмыстары жүргізілуде. (маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау).