+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Бүгін, 2020 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары – Қайриден Нүркенов жұмыс сапарымен Ақтау портына келді

Салалық министрліктің өкілі сапар барысында Ақтау портының өндірістік қуаттылық жүктемесін көріп, сондай-ақ “АТСП” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы (Президент) А.Н. Түрікпенбаевтың ағымдағы жылдың 11 айындағы қызмет нәтижелері туралы есебін тыңдады.

 

Өз кезегінде Қ.Қ. Нүркенов Ақтау порты қызметкерлеріне порттың өндірістік көрсеткіштері өсуіне қолайлы жағдай жасау үшін әкімшілік кедергілерді жою және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің Көлік комитеті жүргізіп жатқан жұмыстардың ағымдағы жағдайы туралы хабардар етті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар Ақтау порт жұмыскерлерін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің «Су көлігі саласының үздігі» төсбелгілерімен марапаттады.