+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Дүниежүзілік жетекші порт операторы ТХКБ бағытының дамуына ықпал ететін болады

2023 жылғы 25 мамырда Ақтау портына әлемдегі ең ірі логистикалық компаниялардың бірі PSA International (PSA) компаниясының делегациясы  танысу мақсатында келді.

PSA компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі басшысы PSA Wan Chee Foong бүгінгі таңдағы  «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниясы компаниялар тобы серіктестігінің бірлескен ТХКБ активтері және жаңа нарықтағы ұсыныстарды біріктіруге мүмкіндік беретін логистикалық өнімді қалыптастыру бойынша талпынысы туралы өзінің ойымен бөлісті.

Өз кезегінде. «АТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы А.Н.Турикпенбаев логистика мен тасымалдаудың әлемдік стандарттар бойынша ең озық тәжірибелері Қазақстанның көлік-логистикалық кластеріне дамудың ең маңызды шарттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұған дейін Астана қаласында қазақстан-сингапур бизнес форумы барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен PSA компаниясы арасында ТХКБ дамуына және Оңтүстік-Шығыс Азия және Қытаймен Қазақстан арқылы Еуропаға көлік байланысын жақсартуға ықпал ететін KPMC Ltd. біріккен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойылған болатын.