+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

ЕҚДБ делегациясының Ақтау портына келуі

Ақтау порты жаңа ауыстырып тиеу техникасын (икемделгіш  және порталды крандар, ричстакерлер, порт тартқышы) сатып алу үшін қаржыландыру көздерін тарту жұмыстарын жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың сәуірінен бастап қыркүйек айына дейін болжамды қарыздың индикативтік ұсыныстарын талқылау бойынша Еуропалық Қайта Құру және Даму банкімен (Б) бірнеше келіссөздер өткізілді.

2022 жылғы 12 қыркүйекте ЕҚҚДБ вице-президенті Ален Пиюмен кездесу барысында тараптар ауыстырып тиеу техникасын сатып алуды қаржыландыру шарттарын қарау мәселесі бойынша Мандаттық хатқа қол қойды.

ЕҚҚДБ осы құжатпен қамтамасыз етілген қарыз нысанында ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсыну арқылы жобаны қаржыландыру мүдделілігін растайды (бағалау мен келіссөздердің қолайлы нәтижелері болған жағдайда).

Жаңа ауытырып тиеу техникасының қуатын қосымша жабдықтау ауыр салмақты және контейнерлік жүктерді ауыстырып тиеу бойынша екінші технологиялық желіні ұйымдастыру сияқты мәселелерді шешеді, бұл Ақтау портының өткізу қабілетін арттыратыны сөзсіз.