+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Экспорттаушыларға арналған дөңгелек үстел

12-13 желтоқсанда Rixos WaterWorld Aktau қонақ үйінің алаңшасында астық экспорттаушыларға, жүк иелеріне, сондай-ақ Транскаспий бағыты бойынша тасымалдауға тартылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс шараны Орталық Азиядағы сауда бойынша USAID бағдарламасы, ТХКМ қауымдастығы мен Қазақстанның Астық одағымен бірлесіп ұйымдастырды.

Әзірбайжан, Грузия, Түркия және ЕО бағытында сауданы ұлғайту мақсатында қазақстандық маңызды азық-түлік тауарларын экспорттаушылар үшін маршрутты ілгерілету, сондай-ақ маршруттың тартымдылығын арттыру мәселелері осы іс-шарада талқылаудың басты тақырыптары болды.

Анықтама үшін: USAID TCA бағдарламасы Экономикалық өсуді жеделдету үшін сыртқы сауда қызметінің міндеттерін шешуде Қазақстан Үкіметіне жәрдемдеседі.