+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Еуропалық Комиссия делегациясының Ақтау портына іс сапары

Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Т. Хакала  ханым бастаған Еуропалық Комиссия делегациясының Қазақстанға, соның ішінде Маңғыстау облысына іскерлік сапары барысында Еуропа мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастар стратегиясын құру бойынша халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Ақтау порты алаңында мәртебелі меймандар экономика және қаржы жөніндегі вице-президент М.А. Уилсонмен жүк тасымалы бағыттарының өзгеретін географиясы аясында қазақстандық көлік секторының үнемі өсіп келе жатқан рөлін, сондай-ақ, порт жобаларын дамыту үшін болашақта инвесторларды тарту және қызметкерлер құрамының құзыретін арттыру мәселелерін талқылады.