+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Франция елшісі Ақтауда сапарда

Еуропалық дипломатия Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен еуропалық сауда нарығы бағытында  түрлі жүктерді жеткізудегі баламалы маршруттарға зор қызығушылық танытуда.

Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесса мырза Елшіліктің экономикалық бөлімінің қызметкері Наджар Томаспен брге Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Ақтау портында болып, теңіз қайраңындағы өндірістік үдерістермен танысты.

Сапар барысында порт басшысы Абай Турикпенбаев франциялық дипломаттарды порт жетістіктерімен, стратегиялық басымдықтармен, жаңа логистикалық маршрутарды игеру мәселелерін, сондай-ақ техникалық қайта жарақтандыру мәселелерін де қамтитын мақсаттармен, мііндеттермен таныстырды.