+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Контрабандаға жол жоқ!

Құрметті Ақтау портының достары, серіктестері,

Ақтау портының (“АТСП” ҰК” АҚ) өндірістік қызметі жүктерді өңдеу (тиеу/түсіру) бойынша қызметтер көрсетуден тұратынын және бақылау-қадағалау органдарының, оның ішінде кедендік бақылау немесе экономикалық тергеу органдарының тікелей функцияларын қозғамайтынын тағы да еске салғымыз келеді.

Осыған байланысты “Теңіз порты” кеден бекетінде анықталған темекі өнімінің контрабанда фактісі туралы соңғы хабарламалар “АТСП” ҰК” АҚ және контейнерлерді өңдеу үдерісне тартылған порт қызметкерлерінің қызметімен ешқандай байланысы жоқ екенін атап өтеміз.

Сонымен қатар, Компания қызметкерлер арасында құқыққа қарсы іс- қимылдардың алдын алуға бағытталған шаралар жүргізіледі: атап айтқанда, іскери әдеп кодексі әзірленіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты бекітілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет жұмыс істейді.

Біздің міндетіміз – этиканың жоғары стандарттарын көрсету мен жауапкершілік.

Этика және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты кез келген фактілер бойынша біздің сенім телефонымызға жасырын түрде хабарласа аласыз:

– 8 800 080 47 47.