+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Мұнай экспорты кезінде Ақтау портының қызметтерін қайта реттеу

Мұнай мен мұнай өнімдерінің экспорты кезінде Ақтау теңіз портының қызметтері қайта реттелмеген, бұл ауыстырып тиелетін жүктер нарығының конъюнктурасына байланысты икемді баға белгілеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мұнай мен мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспортқа тасымалдауды жүзеге асыратын танкерлердің кеме кіру қызметтерін қайта реттеуді ұсынды.

Комитеттің ұсынысын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен “Атамекен”ҰКП қолдады.
“Реттелетін қызметтер тізбесін бекіту туралы “Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы” Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 98-НҚ бұйрығына сәйкес танкерлерге арналған кеме жүзу қызметтері (мұнай қызметтерін экспортқа ауыстырып тиеу мақсатында) қайта реттелді.

Бұйрық 2021 жылғы 13 қаңтарда жарияланды және 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.