+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

PSA International Pte Ltd компаниясының басшылығымен кездесу

“АТСП “ҰК” АҚ Басқарма төрағасы (Президенті) А.Н. Түрікпенбаев “ҚТЖ “ҰК” АҚ делегациясы құрамында Сингапур Республикасына жұмыс сапарымен барып, PSA International Pte Ltd компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Тараптар цифрлық технологиялар және логистика саласындағы стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сингапурлық тарапқа Ақтау порты базасында контейнерлік хаб құрылысының жобасы ұсынылды және оған әлеуетті инвестор ретінде қатысу нұсқалары ұсынылды.

Сапар барысында ҚТЖ делегациясы PSA нысандарын аралап, компанияның операциялық үдерістерімен танысты.
Жұмыс кездесулерінің қорытындысы бойынша ҚТЖ мен PSA арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.