+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

ТХКБ бағыты бойынша фидерлик желісіне 2 жыл

2019 жылғы 16 сәуірде ТХКБ бағыты бойынша Ақтау – Баку – Ақтау тұрақты контейнерлік желісі бойынша ҚТКФ бірінші фидерлік кемесі іске қосылды.

2 жыл ішінде Ақтау порты арқылы маршруттың барлық қатысушыларының күшімен тек осы фидерлік желі арқылы 25 000-нан астам ЖФЭ контейнерлері тасымалданды, бұл жалғасып жатқан карантиндік шектеулерге байланысты құлдырауды ескергенде де лайықты көрсеткіш болып табылады.

ТХКБ-нің жолға қойылған көліктік-логистикалық тізбегі таяу уақытта транзиттік жүктердің кемінде 40 мың ЖФЭ көлемінде өсуіне мүмкіндік береді.
Контейнерлік тасымалдарға қайта бағдарлау-Ақтау портының негізгі міндеті және осы тұрғыда “Самұрық-Қазына “ҰӘҚ” АҚ көлік секторындағы активтерінің синергиясы осы маршрутты дамыту үшін барынша мультипликативтік әсер жасайды.

Естеріңізге сала кетейік, 16.04.2019 жылы “Қазақстан темір жолы “ҰК” АҚ мен “ҚазМұнайГаз “ҰК” АҚ арасында құрғақ жүктерді тасымалдауға арналған Бас келісімге қол қойылды және жүзеге асырылуда.