+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

ТХКБ жұмыс тобының отырысы

Ағымдағы жылдың 9 және 10 мамырында Анкара қаласында (Түркия) ТХКБ жұмыс тобының отырысы мен Қауымдастықтың жалпы жиналысы өтті.

Кездесу нәтижесінде ТХКБ қатысушылары 2022 жылға арналған 3,2 млн тонна көлемінде жүк тасымалдау жоспарын бекіту, сондай-ақ бағыт бойынша бәсекеге қабілетті тариф шарттарын әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыру қажеттілігі туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, Ақтау теңіз портының басшысы А.Н. Түрікпенбаев SOCAR, MBT, Pasifik Eurasia компанияларының өкілдерімен жеке кездесулер өткізіп,  Ақтау порты арқылы өтетін бағытқа түркімен, өзбек және беларусь жүктерін (карбамид, күкірт, калий тыңайтқыштары) тарту мәселелерін талқылады.