+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Транскаспий бағыты бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 2,5 есе өсті

2023 жылғы 08 ақпанда Алматы қаласында “Транскаспий халықаралық көлік бағыты” Халықаралық қауымдастығының (ТХКБ) Жалпы жиналысының отырысы өтті.

Бағыттың қатысушылары Қауымдастықтың 2022 жылғы қызметін қорытындылады.

ТХКБ бойынша тасымалдаудың оң динамикасы және оның қазіргі геосаяси жағдайда рөлі артқаны атап өтілді.

2022 жылы жүк тасымалдау көлемі 2,5 есеге артып, 1,5 млн тоннаға жетті.

Бұл ретте қазақстандық жүктердің экспорты 2021 жылмен салыстырғанда 6,5 есеге ұлғайып, 891 мың тоннаны құрады.

Сонымен қатар, контейнерлер арқылы 33,6 мың ЖФЭ тасымалданды – бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіштен 33% артық.

Отырыс барысында ТХКБ жүктерді тарту және контейнерлік тасымалдарды дамыту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

2023 жылға арналған бағыт бойынша жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайту, тұрақты кесте бойынша тұрақты шаттл-пойызын бағыттау және бірыңғай транзиттік өнімді құру мәселелері бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті хаттамаларға қол қойылды.