+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

ҚХР делегациясы Ақтау теңіз портында

ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті ү.ж. 22-23 мамыр күндері Ақтау қаласында Қытай Халық Республикасымен автомобиль тасымалдары жөніндегі аралас комиссия отырысын өткізуде.

Жоғарыда аталған іс-шара аясында бүгін Қытай Халық Республикасы Көлік министрлігінің Көлік қызметтері департаментінің директоры Цай Туаньцзе бастаған ҚХР делегациясы Ақтау теңіз портына келді.

“АТСП” ҰК” АҚ бас инженері Амир Атамбаев экскурсия жүргізіп, қонақтарды Транскаспий халықаралық көлік маршрутының буыны болып табылатын теңіз портының өндірістік инфрақұрылымымен таныстырды.