+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы транзиттік және көлік ынтымақтастығы: ТХКБ даму болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел

15 маусымда Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және ТХКБ халықаралық қауымдастығының қолдауымен «Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы транзиттік және көлік ынтымақтастығы: ТХКБ даму болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Шараға қатысушылар қатарында Еуропарламент депутаттары, Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропалық көлік комиссары, Орталық Азия бойынша ЕО өкілдері, сондай-ақ темір жол әкімшіліктерінің, порттардың өкілдері және Қазақстан, Еуропа елдері, Қытай, Түркия, Әзірбайжан логистикалық операторлары болды.

 

Жаһандық жеткізу тізбегі мен Қазақстан арқылы өтетін бағыттар бойынша панельдік сессия барысында «АСТП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы (Президенті) Абай Түрікпенбаев Ақтау портының өткізу қабілетін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ даму жобалары туралы баяндама жасады.

 

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар бірауыздан ТХКБ жүктемесінің жоғарылауы жағдайында инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастау, қосымша жүк ағымын қайта бағдарлау, ақпараттық технологиялар шешімдері және өтпелі баға қалыптастыруды қолдау мәселелері бірінші кезекке шығады деп атап өтті.