+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы қарсаңында Ақтау портында Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден кандидаттарды қолдау мақсатында үгіт-насихат іс-шаралары өтті.

Алдағы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы қарсаңында Ақтау портында Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден кандидаттарды қолдау мақсатында үгіт-насихат іс-шаралары өтті.

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің  «Тоқаевтың реформалары  үшін» халықтық коалициясы ҚР қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты кандидат етіп ұсынды.

Кандидатты қолдау жөніндегі облыстық және қалалық штаб мүшелері кандидаттың өз отандастарына – “Әділетті Қазақстан – мүмкіндіктер мен прогресс елін бірге құрайық!» деген үндеуімен сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

* «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар Достастығы»  республикалық кәсіподақтар бірлестігінен ұсынылған тағы бір кандидат- Мейрам Қажыкен Ақтау портының ұжымына өзінің сайлауалды бағдарламасын ұсынды.

Бұл кандидаттың бағдарламасы қабілеттерді дамыту және оларды өмірде  жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерге тең қол жетімділікті құруға бағытталған. Жастардың ерекше назары –  басты құндылықтар: адамның бостандығы, қадір-қасиеті мен әл-ауқаты болып табылатын заманауи қоғамды құруында.

Дауыс беру күні әрқайсымыздың конституциялық құқығымызды жүзеге асыруға және сенетін кандидаттың пайдасына таңдау жасауға мүмкіндігіміз бар. Біздің әрқайсымыз еліміздің болашағы, оның бірлігі мен егемендігі  үшін шешім қабылдаймыз.

2022 жылғы 20 қарашада барлығыңызды дұрыс таңдау жасауға шақырамыз!