+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Қазақстандық өнімдер әлемдік нарықтарға жіберіледі

Қазақстандық өнімдер әлемдік нарықтарға жіберіледі.

“ҚазАзот” АҚ өндіретін аммиак селитрасының бірінші партиясы бүгін Ақтау портынан ТМТМ бағыты бойынша жөнелтілді.

Қазақстандағы жалғыз азотты минералды тыңайтқыштар өндірушісінің жүктері теңіз арқылы Говсана портына (Әзірбайжан) және одан әрі Грузияның Батуми порты арқылы Еуропа мен әлемнің тұтыну нарықтарына жеткізіледі.

Бұл жолы қазақстандық “Түркістан” кемесі (“Қазақтеңізкөлікфлоты” ҰТКҚК” ЖШС) өз трюмдеріне 3 мың тонна көлемінде кеме партиясын қабылдады және жыл соңына дейін өндіруші осындай кемінде 16 партияны қамтамасыз етеді.