+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Қазақстандық порттардың, терминалдардың және сауда флотының басшылары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Жумангаринмен кездесті

Құрық теңіз портының алаңында қазақстандық порттардың, терминалдардың және сауда флотының басшылары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Жумангаринмен Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында кездесті.

 

 “АТСП” ҰК” АҚ Басқарма Төрағасы Абай Турикпенбаев сыйлы қонаққа Ақтау теңіз портының ағымдағы жай-күйі, қызметінің негізгі көрсеткіштері және стратегиялық мақсаттары мен жоспарларының орындалуы туралы баяндады.

 

Порттың перспективалық дамуын талқылау кезінде порттың инфрақұрылымын жаңғырту мен дамытудағы уақытылылық, сондай-ақ сенімді инвесторларды тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары барлық басшыларға саланы дамыту және оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі ынталарына қолдау білдірді.