+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

ҚТЖ-да Ақтау портының қызметкерін марапаттады

Жыл сайын “ҚТЖ” ҰК” АҚ-да өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында өзін барынша белсенді көрсеткен қызметкерлер айқындалады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ компаниялар тобы бойынша 11 кандидатура ұсынылды. Олардың барлығы жұмыс орнындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін пайдаланылатын “KTZ HSE “өндірістік қауіпсіздік” мобильді қосымшасының белсенді пайдаланушылары. Қосымша арқылы қызметкерлер еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы, қауіпті әрекеттер мен жағдайлар, қауіпті жұмысты тоқтату қажеттілігі туралы хабарлайды.

“ҚТЖ” ҰК” АҚ бас инженері Батыр Котыревтың төрағалығымен ҚТЖ қызметкерлеріне сыйлықақы беру жөніндегі комиссия лайықты деп таныды. Шешім қабылдау кезінде комиссия ықтимал қауіпті жағдайлардан болатын зардаптардың ықтималдығы мен ауырлығы, қызметкердің қосымшаны пайдаланудағы белсенділігі және т. б. сияқты критерийлерді ескерді.

“АТСП”  ҰК” АҚ-да ықтимал қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша проактивті құралдарды белсенді қолданғаны үшін “ҚТЖ” ҰК” АҚ Басқарма Төрағасы

Н. Сауранбаевтың алғыс хатымен 2022 жылы қауіпсіздік бойынша уақтылы орындалған 5 мінез-құлық диалогын ресімдеген жетекші инженер-электрик
А.Г. Василянский марапатталды.