+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Өзбекстан дипломаттары Ақтау портында

08.09.2023 ж. Ақтау теңіз портына Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев танысу сапарымен келді.

Сапар барысында “АТСП”  ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев құрметті қонақты Ақтау порты инфрақұрылымының ағымдағы мүмкіндіктерімен, сондай-ақ Өзбекстанның көлік-логистикалық секторы компанияларымен өзара іс-әрекет туралы таныстырды.

Атап айтқанда, өзбекстандық жүктердің болашақтағы көлемін тасымалдау үшін ТХКБ транзиттік әлеуетін тиімді пайдаланудың оңтайлы нұсқаларын әзірлеуді көздейтін бұрын жасалған өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде “Өзтемирйулконтейнер” компаниясымен өзара іс-қимыл талқыланды.

Айта кетейік, 2022 жылы Ақтау порты арқылы Өзбекстан бағытына және кері қарай 657 ЖФБ контейнерлік жүк жөнелтілді.