+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Бүгін, 20 маусымда Ақтау портында Көлік комитеті төрағасының орынбасары К. Н. Тілеповтың төрағалығымен теңіз көлігіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі, теңіз навигациялық орталығы, Ақтау және Құрық порттары мен кеме иелерінің басшылығымен кеңес өтті.

Осы кеңес шеңберінде Каспий теңізінің қазақстандық секторында навигациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қазақстандық порттарда қауіпсіздік бойынша қабылданып жатқан шаралар, Қазақстан Республикасы порттарының акваториясын тереңдету мәселелері және кеме иелерінің проблемалық мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, «Дарин Тел» компаниясымен Iridium арқылы LRIT баламалы жүйесін енгізу мәселесі талқыланды.