+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

01.07.2023 жылы Маңғыстау облысына сапары аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Ақтау портына келді.

Сапар барысында “АТСП” ҰК ” АҚ Басқарма Төрағасы Абай Түрікпенбаев салалық ведомство басшысын теңіз портының инфрақұрылымдық объектілерімен және өндірістік үдерістерімен таныстырды.

Атап айтқанда, Министрге жүкті қабылдауды тіркеу кезінде планшетті пайдалана отырып тальманның жұмысы көрсетілді, бұл жүктерді ауыстырып тиеу үдерісінің тиімділігін едәуір арттырады және клиенттерге неғұрлым ашық сервис ұсынуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Ақтау портының басшысы министрге теңіз айлағының 12 млн. тоннаға жуық түрлі жүкті, оның ішінде 7,5 млн. тоннаға дейін мұнайды өңдеуде бүгінгі дайындығы туралы, сондай-ақ Ақтау портының өткізу қабілетін жылына 22,8 млн. тоннаға дейін, оның ішінде ЖФБ контейнерлерді 300 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін даму жобаларының ағымдағы жай-күйі туралы баяндады.

Өндірістік алаңмен танысқаннан кейін М. Қарабаев мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді, оның қорытындысы бойынша Министр бірқатар нақты тапсырмалар берді.